Елорданың 1500-ден астам медицина қызметкері арнайы оқудан өтті
21:59, 04 Тамыз 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласында медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға көп көңіл бөлінеді. Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, бұл бағытта жүйелі түрде жұмыстар жүргізіліп, дәрігерлерге біліктілікті арттыру үшін шет елдердің ірі медицина орталықтары мен институттарында ұйымдастырылатын арнайы курстарға жоладама беріліп тұрады.
Басқарма мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері медицина саласының 1579 қызметкері оқудан өткен. Олардың 74-і дәрігерлер болса, 790-ы орта медициналық қызметкерлер.
Соның ішінде 44 маман Швейцария, Австрия, Германия, Франция, Португалия, Азербайджан, Италия, Израиль, АҚШ секілді ірі мемлекеттерде өз біліктіліктерін арттырды.