деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бүгін Астана қалалық ІІД-де өткен баспасөз мәслихатында «кездесуге тұрғылықты қала халқымен қатар, «Нұр Отан» ХДП қалалық филиалының, азаматтық-қоғамдық институттардың, әкімдіктердің, ұйымдардың, кәсіпорындардың өкілдерімен қатар мәслихат депутаттары да шақырылып отыр. Бүгінде үш аудан бойынша учаскелік инспекторлардың тұрғындармен өткізетін кездесу кестесі жасалды», деді тіл саясаты және ақпарат бөлімінің бастығы Нұрділдә Ораз.
Оның айтуынша, осы уақытқа дейін қаладағы № 8,10,11 полиция бөлімшелерінде қала халқымен кездесулер өткізілген. Ал бүгін Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде сол маңның тұрғындарымен кездесу өткізу жоспарланған.