Елорданың 7 үйінің тұрғындары 9 сағаттан астам уақыт бойы сусыз қалды

ТАНА. 1 қараша. ҚазАқпарат - Елорданың 7 үйінің тұрғындары 9 сағаттан астам уақыт бойы сусыз қалды, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Дүйсенбі күні сағат 17:00-де Кравцов көшесі бойында диаметрі 200 мм-лік су құбыры тозығы жетуі салдарынан жарылды. Соның салдарынан Кравцов көшесіндегі № 2, 2/1, 2/2, 4/1 және Таха Хусейн көшесіндегі № 15/3, 15/4, 15а үйлердің тұрғындары сусыз қалды. Тұрғындарға су жеткізіп беру ұйымдастырылды.

Бүгін түнгі сағат 2:15-те сумен жабдықтау жүйесі толығымен қалпына келтірілді.

Төтенше оқиғаның салдарын жоюға «Астана су арнасы» МКК-нің апаттық бригадасының 8 маман мен 5 техникасы жұмылдырылды.