«Біз бүгін сот және құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелерін талқылау үшін жиналып отырмыз. Кез келген мемлекеттің дамуы ең бірінші тыныштық пен тұрақтықлықтың кепілі», - деп атап өткен «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қайрат Жаңабергенов осы ретте сөз тізгінін заң шығару ісімен тікелей айналысатын органның белді мүшесі, Мәжіліс депутаты Рахмет Мұқашевке берді.
Ол ел тарихындағы тұңғыш көп партиялы Парламенттің жарты жыл ішіндегі жұмысына қорытынды жасап, алдағы міндеттеріне кеңінен тоқталды.
Оның атап өтуінше, ҚР Парламенті Мәжісінің 5-ші шақырылымының 1 сессиясының жұмыс кезеңінде төменгі палата 39 заң жобасын мақұлдап, Сенат қарауына жіберген. «Ел Президенті қол қойғаннан кейін 21 заң жобасы заңдық күшіне еніп, республиканың құқықтық базасын толықтырды», - деді халық қалаулысы.
Кездесу барысында департамент қызметкерлері Мәжіліс депутаттарына өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойып, тұщымды жауап алды.