Елорданың Әл-Фараби шағын ауданында үш тұрғын үй жарықсыз қалды

АСТАНА. Желтоқсанның 10-ы. ҚазАқпарат - Елорданың Әл-Фараби шағын ауданында электр энергиясының апатты ажырауы орын алып, үш тұрғын үй жарықсыз қалды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Министрліктің хабарлауынша, оқиға кеше кешкісін  Астананың Алматы ауданында орын алып, сағат 22:30-да электрмен жабдықтау толығымен қалпына келтірілген. Төтенше жағдайды реттеуге қалалық электр желісінің апаттық бригадасының 3 маманы мен 1 техникасы жұмылдырылған.