Елорданың Алматы ауданында жаңа - Ақжол көшесі пайда болды

ыздың 25-і. ҚазАқпарат - Елорданың Алматы ауданының әкімі Сапар Ахметов қала тұрғындары мен қонақтарын жаңа - Ақжол көшесінің ашылуымен құттықтады.

Бұрын ол көше  Угольная   көшесі аталып келген. Осынау  атаулы   оқиғаның  құрметіне  азық-түлік  жәрмеңкесі өткізілді, Ақжол көшесінде  орналасқан  кәсіпорындардың   құнды  сыйлықтары  ойнатылды, сондай-ақ  концерт,   викторина  және  конкурстар    ұйымдастырылды.

Бүгінде  Ақжол  көшесі   мүлдем    өзгеріп кетті.  Жаңа  көпірлер, супермаркеттер  ашылды.   Жаңа көшеде  Ақжол деген   атына лайықты    қызу тіршілік  жүріп жатыр.