Елорданың атақты газеті жабылып қалды

АСТАНА. қазАқпарат - «Цесна» корпорациясы» АҚ 25 жылдан бері Астанада басылып келе жатқан «Инфо-Цес» газетінің жабылғанын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Акциялары Қазақстанның биржалық қорының (KASE) ресми тізіміндегі «Цесна» корпорациясы» АҚ 2016 жылдың 30 желтоқсаны күні KASE-ге өзінің еншілес компаниясы «Инфо-Цес» газеті» ЖШС-ын жою туралы шешімін жеткізді», - деп хабарланып отыр KASE сайтында.

Газеттің соңғы нөмірі 2016 жылдың аяғында жарыққа шыққан. Апталық басылымның бас редакторы Сергей Лесковский газеттің 30 желтоқсандағы нөмірінде газеттің алғашқы нөмірі «Цесна» корпорациясының музейінде сақталады деп жазған болатын.

«Ширек ғасыр уақыт ішінде  газеттің 1 567 нөмірі басылды. Қайта жазып шығуға болмайтын тамаша тарих, себебі, газет қолжазба секілді, ешқашан жоғалмайды. Жаңа заман өз ережелерін орнатты. Біз жаңа талапты не қабылдаймыз не қабылдай алмайыз», - деді оқырмандарымен «қоштасқан» С. Лесковский.