Елорданың аудан әкімдіктері халықты қабылдау күнін өткізеді
Шара барысында қалатұрғындары өздерінің өтініштері мен ұсыныстары бойынша аудан әкімінен, қалалықбасқарма басшыларынан тікелей жауап ала алады.
Мәлім етілгендей, «Ашықәкімдік» астананың барлық аудан тұрғындарымен тиімді кері байланыс орнататынтұрақты алаңға айналады.
«Бұл – мемлекеттікқызметтердің ашықтығы мен қол жетімділігін, сапасын қамтамасыз ететін сұхбаталаңы. Осылайша, қала тұрғындары алдын ала жазылусыз мемлекеттік органөкілдерімен тікелей кездесіп, өздерінің түйіткілдерін жеткізе алады. Құқықтықжәне әлеуметтік көмек алу мәселелерін шешеді. Елордалықтар консультация мен өзсауалдарына жауап алу үшін тұрғылықты жері бойынша аудан әкімі аппараттарынажүгіне алады», - делінген әкімдік ақпаратында.
«Алматы» ауданыәкімінің аппараты тұрғындарды Тәуелсіздік даңғылы, 7 мекен-жайында орналасқанаудан әкімдігінің ғимаратында, «Байқоңыр» ауданының әкімдігі «Жастар» сарайында (Республика даңғылы, 34), «Есіл» ауданының әкімдігі аудандық әкімдікғимаратында (Қабанбай батыр көшесі, 33), «Сарыарқа» ауданының әкімдігі Сарыарқадаңғылы, 13 мекенжайында орналасқан әкімдік ғимаратында өткізеді.
«Ашық әкімдік» ашық есіккүні сағат 10.00-ден 13.00-ге дейінгі аралықта өтеді.