Қала басшысы, автобус парктерін субсидиялау жүйесі жол жүру құнын тұрақты ұстап тұру үшін қажет екенін айтады.
«Қоғамдық көлік – өте сезімтал көлік түрі. Сондықтан бұл саланы субсидиялау жалғасады. Осы саланы қолдамасақ, қарапайым халықтыңқалтасына билет бағасы бойынша салмақ түседі. Сондықтан субсидиянытоқтатпаймыз. Тиісті субсидияның бәрікезең-кезеңмен төленеді», - деді әкім БАҚ өкілдерінің сауалына жауап беру кезінде.
Алтай Көлгіновтің айтуынша, аталған бағыттабюджеттен 2 млрд теңге бөлінбек.
«Бюджетәлі жабылған жоқ. Сондықтан, өткен жылғысубсидия бәрі бір төленеді. Жақынуақытта шамамен 2 млрд теңге субсидияны саламыз. Бізге ең әуелі қоғамдық көлік қызметініңсапасы жақсы, жолаушыларға ыңғайлы болғаны керек», - деді әкім.