Елорданың Балқантау көшесінде қозғалыс тоқтайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Орташа жөндеу аясында Балқантау көшесі бойымен Жанкент көшесінен С.Нұрмағамбетов көшесіне дейінгі учаскеде жол құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Осыған байланысты 31 тамыз бен 4 қыркүйек аралығында көлік қозғалысы ішінара жабылады.

«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін бағдарын алдын-ала жоспарлауы керек», – делінген көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы хабарламасында.