«Сауда, ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлері үшін жұмыс күндері қызмет ету режимі сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін, ал сенбі және мереке күндері сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін белгіленді. Яғни, жексенбі күні олардың жұмысына тыйым салынады. Бұл нысандардың ішіндегі дәріханалар, азық түлік сататын мини-маркеттер, гипермаркеттер мен супермаркеттер жұмысын жалғастырады. Атап айтқанда мереке күндері сауда ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлері жұмыс істейтін болады», - деді Ж. Пірәлиева онлайн брифингіде.
Бұдан бұрын хабарланғандай, елорданың бас санитарлық дәрігері қоғамдық көлік жұмысындағы өзгерістерді түсіндірді.