Жарысқа 2003-2004 және 2005-2006 жылғы туылған ойыншылар қатысты. 2005-2006 ж.т. баскетболшыларымыз ерекше ойын үлгісін көрсетіп, бірінші орынды жеңіп алды. Олармен бірге Астана атынан барған 2003-2005 ж.т. ойыншылар 7 команда ішінде 5-ші орыннан көрінді.
2003-2004 жылғы спортшылар санатында Астана қаласы, Ақтөбе, Ақмола, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстары және Шымкент қаласының командалары қатысты.
Бұл жас санаты бойынша қорытынды мынадай:
1 орын - Қарағанды облысы
2 орын - ОҚО
3 орын - Ақмола облысы
4 орын - Ақтөбе облысы
5 орын - Астана қаласы
6 орын - БҚО
7 орын - Шымкент қаласы
2005-2006 жылғы баскетболшылар санаты бойынша Астана, Қарағанды 1 және 2 команда, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарынан және Челябинск қаласының командалары өзара мықтыны анықтады. Финалда Астана мен Қарағанды облысының командалары кездесіп, ойын 57-46 есебімен аяқталды. Осылайша, елорда командасы екінші рет осы жас категориясы бойынша Қазақстан Республикасының чемпионы атанды.
Бұл жас санаты бойынша қорытынды мынадай:
1 орын - Астана қаласы
2 орын - Қарағанды облысы - 1
3 орын - БҚО
4 орын - ОҚО
5 орын - Қарағанды облысы - 2
6 орын - Челябинск қаласы
Чемпионат қорытындысы бойынша әр жас категориясы бойынша жаттықтырушылардың дауыс беруі арқылы турнирдің ең үздік ойыншылары анықталады. Бұл жолы елорда командасы атынан 5 үздік спортшы қатарына №5 олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер мамандандырылған спорт мектебінің 3 оқушысы енді.
2003-2004 жылғы баскетболшы өрендер арасында Дарья Богданец үздік ойыншы атанды.
2005-2006 жылғы спортшылар санатында үздік ойыншылар қатарынан Дарья Головина мен Тамила Солсанова көрінді.