«Жауын-шашынның көп түсуіне байланысты «Байқоңыр» ауданында су басқан учаскелерден суды сорғыту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстарға 22 ассенизаторлық машина, 4 матопомпа және 1 арналарды тазартуға арналған «Camel» машинасы жұмылдырылған«, - деп атап өтті аудан әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, осы уақытқа дейін 4 мың текше метрден астам су сорғытылған. Қазіргі уақытта Тәшенов, Бараев, Кравцов, Иманов, Тархан, Пушкин, Таха Хусейн және ескі базар ауданын нөсер жауын салдарынан су басқаны белгілі. Төтенше жағдай салдары түнгі 00-00-ге дейін жойылмақ. Жұмыс жалғасып жатыр.