Елорданың базарлары таңғы сағат 9-дан бастап жұмыс істейді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАҚпарат - Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес қаладағы жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарларының жұмыс кестесі өзгертілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Жаңа қаулыға сәйкес жабық азық-түлік базарлары жұмыс күндері және демалыс күндері сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

Бұл ретте толтырылу бір келушіге 4 шаршы метр есебі бойынша толымдылығы 30%-дан аспауы тиіс, сондай-ақ күшейтілген санитария-эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтау қажет.

«Жабық азық-түлік емес базарлардың жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз ету, бір келушіге 4 шаршы метр есебі бойынша толымдылығы 30%-дан аспайтын тәртіпті сақтай отырып, күшейтілген санитария-эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс және сенбі күндері сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат етілді. Ал жексенбі күндері жұмыс істемейді. Жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін сауда залында сатып алушылардың жүруіне тыйым салынады», - делінген санитария дәрігерінің қаулысында.

Айта кетейік, тұрғындар санитарлық талаптар мен нормаларды қатаң сақтауы керек. Маска режимі, әлеуметтік қашықтық міндетті түрде сақталуы тиіс.