Есіл ауданының әкімі Берік Жәкенов рұқсат етілмеген қоқыс алаңдарын жоюға қатысты апталық есебін жариялады.
«Соңғы екі аптада 8.5 мың тонна қоқыс тазартылды. 4 апта ішінде 30 мың тоннадан астам қоыс жойылды. Келесі аптада «Нұра-Есіл» су арнасын толық тазартамыз», деп жазды аудан әкімі Instagram-дағы парақшасында.
Еске сала кетсек, мамыр айының басында Есіл өзенінің 20 км-ге жуық, Ақбұлақ – 7 км, Сарыбұлақ – 4,5 км аумағын санитарлық тазартылды. Есіл өзені мен оның жағалауынан 7 тоннадан астам қоқыс жиналды.
Бұған дейін Сарыбұлақ өзенінің жағасын Қарасай батыр көшесінен Н.Тілендиев көшесіне дейін, яғни 2,5 км аумақ қоқыстан тазартылған болатын.