Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында қалалық Жол полиция басқармасы бастығының орынбасары Бақытжан Малыбаев мәлім етті.
Оның айтуынша, бұндай шаралар Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған Аймақтар күнінің өткізілуіне орай жасалып отыр. Осы күндері Республика даңғылының бойындағы «Жастар» сарайының аумағында Алматы облысының ауыл шаруашылығ жәрмеңкесі ұйымдастырылмақ.
Сонымен қатар Жол полициясы аталмыш уақыт аралығында Бейбітшілік көшесінің бастауын жауып, көлік қозғалысына шектеу қоятын болады.
«Павлодар облысының мәдениет күндері іс-шарасы аясында Астана Әкімдігінің әкімшілік ғимаратының алдындағы алаңда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілітеін болады. Осыған орай, Бейбітшілік көшесінің Кенесары мен Абай даңғылына дейінгі, Отырар көшесінің Бейбітшілік көшесінен Бөкейхан көшесіне дейінгі және Бигелдинов көшесінің Бейбітшіліктен бастап Желтоқсан көшесіне дейінгі учаскелерінде қозғалыс шектеледі», - деді Б. Малыбаев.
Аталған учаскелердегі жол қозғалысын жол полициясының 107 инспекторы қадағалайтын болады.
«Көлік қозғалысына шектеу қойылуына байланысты қала тұрғындары мен қонақтарын оған түсіністікпен қарауды, көрсетілген қала учаскелерін айналып өту бағыттарын алдын ала қарастыруды сұраймыз», - деді ол.