Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық даму істері басқармасының мәліметінше, күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты Бөгенбай батыр даңғылы бойында Ш. Уәлиханов көшесінен Ақжол көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс шектеледі. Бұл учаскеде жолақтар саны барлық бағытта төрттен екіге қысқарады. Бағдар автобустарын қоспағанда көпір бөлігінен Ш. Уәлиханов көшесіне сол бұрылысқа уақытша тыйым салынады.
Шектен тыс жүктемені азайту мақсатында жақын маңдағы қиылыстарда басқа да жұмыстар жүргізіледі.