«Үш жылдық бюджеттің параметрлері ағымдағы жағдайды ескере отырып қалыптастырылды, яғни болжамды индикаторлардың түзетілуі назарға алынды», - деді қалалық Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қайсар Маңқараев тұрақты комиссияның отырысында.
Осы орайда ол бюджет кірістері туралы жеке тоқталды.
«2021-2023 жылдары жеткізілген лимиттерге сәйкес, жеке кірістердің түсімі 1 трлн 1 млрд 376 млн теңгені құрайды. Оның ішінде 2021 жылы 319,7 млрд теңге, 2022 жылы – 332,2 млрд және 2023 жылы - 349,3 млрд теңге. 2021 жылы жеке кіріс көлемі 319,7 млрд теңге сомасында бағаланып отыр, бұл тұрғыда 5 пайыз өсім қамтылды. Оның ішінде салықтық түсімдер 315,9 млрд теңге, салықтық емес түсімдер 1,1 млрд теңге, сондай-ақ негізгі капиталды сатудан келетін түсім 2,7 млрд теңге. Алдағы үш жылда салықтық түсімдер елорданың жеке кірістерінің жалпы көлемінен 98 пайызға жуығын қамтамасыз етеді», - деді Қайсар Манқараев.
Оның айтуынша, жергілікті үш жылдық бюджеттің шығыстары 1 трлн 1 млрд 376 млн теңге сомасында жоспарланған. Сәйкесінше, Оның ішінде 2021 жылы 319,7 млрд теңге, 2022 жылы – 332,2 млрд, 2023 жылы 349,3 млрд теңге жұмсалмақ.