«15 ақпаннан бастап қаладағы көлік құралдарының қозғалысын оңтайландыру мақсатында Рамазан және Әубәкір Ысмайылов көшелерінде бір жақты қозғалысты енгізу жоспарланған», делінген хабарламада.
Қала әкімдігіне тұрғындар тарапынан аталмыш көшелердегі қозғалыстың қиын екендігі жөнінде көптеген өтініш келіп түскен. Нәтижесінде, Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасымен бірге жолдың техникалық жағдайына шолу жасап, бір бағытты қозғалыс енгізу туралы шешім қабылдады.
Айта кетерлігі, Рамазан көшесінің бойында №10 мектеп орналасқан.
«Көлік қозғалысын сағат тілімен ұйымдастыру жоспарланған, атап айтқанда бір жақты қозғалыс Рамазан көшесінің бойымен шығыс бағытта және Әубәкір Ысмайылов көшесімен батыс бағытқа қарай ұйымдастырылады. Енгізілетін өзгерістерге байланысты құзыретті органдар жүргізушілерден жол ережесін сақтап, сапарды алдын ала жоспарлауды сұрайды», делінген хабарламада.