Астана әкімдігінің мәліметінше, бұл Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасы мен «Kazakh Home Networks» ЖШС бірлескен жобасының арқасында іске асырылады.
Айта кетейік, Сарыарқа ауданындағы сапасыз интернет мәселесі 8 жылға жуық уақыт бойы шешімін таппаған. Бүгінде желілерді қосу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде, жоғары жылдамдықты интернетке алдымен Баршын, Ұлытау, Саумалкөл, Құланөтпес, Айдарлы көшелерінің бойында тұратын Көктал 2-нің батыс бөлігінің тұрғындары қол жеткізеді. Алғашқы абоненттерді қосудың шамамен мерзімі - қазан айының ортасы.
Содан кейін жаңа тұрғындарды байланысқа қосу шығыс бағытта жүреді. «Көктал-2» талшықты-оптикалық байланыс желілерімен толық қамтуды қараша айының ортасында аяқтау жоспарланып отыр. Аяқталған соң Көктал-1 және Агроқалашық аудандарында да осындай жұмыстар басталады.
Айта кету керек, жеке сектор тұрғындарына тегін қосылу, икемді тарифтік жоспарлар және жоғары қызмет көрсету деңгейі ұсынылады.