Бұл туралы бүгін аталмыш ауданның құрылғанынан 3 жыл толуына байланысты өткен меркелік шаралар барысында аудан әкімі Қайрат Жаңабергенов мәлім етті.
Оның сөзіне қарағанда, 2008 жылы «Есіл» ауданы құрылған тұста, осы аймақта небәрі 4 мектеп болған. Яғни 2,5 мың бала мектепке зәру еді. «Бұдан соң ауданда тағы 3 мектеп ашылып, бұл мәселе біршама жойылды. Сондай-ақ ауданда 3 жыл ішінде 64 нысан пайдалануға берілген. Қазір олардың игілігін 24 мың адам көруде. Бұл азаматтардың отбасыларының бар екендігін ескерсек, ауданда балабақшаға деген сұраныс та зор. 3 жыл ішінде 5 балабақша бой көтергенімен, әлі де 2,5 мың бүлдіршінге орын керек болып отыр. Осыған қарай биылғы жылдың соңына дейін тағы 4 балабақшаның іске қосылатынын ескерсек, бұл проблема да шешіледі деген үміттеміз»,-деді аудан әкімі.