деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Жақында ғана қала күнін атап өттік, енді міне аудан мерейтойын тойлап отырмыз. Бұл күн - ерекше күн. Өткен жылы тамыздың 5-інде елордада жаңа - Есіл ауданы құрылды. Бір жылдың ішінде талай жұмыс атқарылды. Әкімдіктің штат мәселесі шешілді, олардың жұмыс істейтін кеңселелері анықталды. Сонымен қатар, ауданымызда біраз құрылымдар ашылды. Олардың қатарында салық комитеті, аудан полициясы мен 2 сот бар, әділет саласында да біраз жұмыс істеліп жатыр. Біздің аудан ерекше аудан деп айтуға болады. Өйткені, біздің ауданымызда Елбасымыз, бүкіл мемлекет жұмыс істейді. Қазір жол картасы, үлескерлер мәселесі қолға алынып отыр», - деді салтанатты шараның ашылуында аудан әкімі Қайрат Жаңабергенов.
«Сонымен бірге, біздің ауданымызда 5 мектеп бар, жақында алтыншы білім ордасы ашылды. Биыл тағы бір мектеп пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Аудан тұрғындарының мәселелері де назардан тыс қалмайды. Біз халықпен кездесіп, әрқашан олардың проблемаларын шешуге барынша күш-жігерімізді саламыз», - деді аудан басшысы.
Бүгінгі спартакиадаға «Есіл» ауданында жұмыс істейтін құрылымдардың, мемлекеттік мекемелердің ұжымдары қатысуда. Олар волейболдан және үстел теннисінен сайысқа түседі. Сондай-ақ өткен аптада шағын футболдан жарыс ұйымдастырылды. Спартакиада жеңімпаздары арнайы сыйлықтармен марапатталады.