Елорданың ескі бөлігі сол жағалаудай қарқынды даму үстінде

None
АНА. 22 қаңтар. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Елорданың ескі бөлігі қаланың сол жағалауындай қарқынды даму үстінде. Бұл туралы бүгін жұртшылықпен есеп беру кездесуі барысында Сарыарқа ауданының әкімі Сәбила Мұстафина айтты.

Өткен жылдың басынан аудан әкімдігі елорда дамуының ұзақ мерзімді басымдықтарын белгілеп, жедел шараларды шешуге баса назар аударғанын атап өткен ол: «2010 жылы Сарыарқа ауданындағы кәсіпорындар шамамен 41,9 млрд теңгенің өнімін шығарды. Аудан бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 155,5 млрд теңгені құрады. Бұл елорда инвестициясының 47,6 пайызына тең. Астанада жаңа әкімшілік орталық, қаланың сол жағалауы ғана даму үстінде деген пікір бар. Дегенмен қазір келтірген деректер қаланың ескі бөлігінің де дамып келе жатқандығына дәлел бола алады», - деді.

Сондай-ақ ол аудандық әкімдік өткен жылы жалпы сомасы 7,8 млрд. теңгені құрайтын бірқатар бюдеттік бағдарламаның әкімшісі болғанын атап өтті. Оның айтуынша, өткен жыл аталған қаржы толығымен игерілген.