«Бүгінгі таңда менің мекемемде 6 аяғы ауыр және босанған бір әйел жатыр. Наурыз бен тамыз айы аралығында қалалық фтизиопульмонология орталығында анасы коронавируспен ауырған 17 сәби дүниеге келді. Сәбилердің ешқайсы коронавируспен ауырған жоқ, оларды бірнеше күн бойы бақылап, туыстарына тапсырдық, ал аналары орталықта емін жалғастыра берді. Осы уақытқа дейін 17 сәбидің бірі ауырып қалды деген ақпарат алғанымыз жоқ», - дейді Нұр-Сұлтан қалалық инфекциялық орталығының басшысы Татьяна Цечоева.
ҚР ДСМ Ұлттық фтизиопульмонология орталығы директорының орынбасары Ләззат Ералиева да аталған орталықта ешбір сәби коронавирус дертімен тумағанын айтты.
«Дүниежүзілік дереккөздерге сүйенсек, жаңа туған сәбилерде ауру симптомдары болмайды», - дейді ол.