АСТАНА. 21 шілде. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Елорданың қала маңы аймағына 81 елді мекен қосылды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында «Астана қаласының бас жоспары» МКК директорының бірінші орынбасары Ғалымжан Қасымов айтты.
«Бұған дейін қала маңы аймағына 16-17 елді мекен кірген болатын. Кез келген қаланың төңірегінде қала маңы аймағы болуы керек. Бұл оның болашақта дамуы үшін қажетті резервтік территория болып табылады», - деді ол.
Оның атап өтуінше, қала маңы аймағының шекарасы жол жүру уақыты 2 сағаттан аспайтын радиуста орналасуы қажет. Сонымен елорданың қала маңы аймағына Целиноград, Шортанды, Аршалы аудандарының бірқатар елді мекендері кіріп отыр.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.