«Бізде 2020 жылға дейінгі бағдарлама болған еді. Қазіргі уақытта ол 1 жылға ысырылды. Өйткені, шілде айындағы нөсер жауындар проблеманы күрделендіріп жіберді. Бүгін ғана Үкімет отырысында нөсер кәріздері нысандарының құрылысын қаржыландыру мәселесі қаралды. Біз қазіргі уақытта қалада орын алып отырған бұл проблеманы толық шешуге қажет қаржымен қамтамасыз етеміз», - деді ол.
Оның айтуынша, қаланың барлық дерлік аумағынан суды айдап шығуды қамтамасыз ететін барлық қажетті нысандардың тізілімі әзірленген. Сонымен бірге осы жылдан бастап іске қосылатын бағдарлама да дайын.
«Жұмыстар 2017-2018 жылдары жалғасады және 2018 жылдың соңында бұл проблема жойылуы тиіс. Ағымдағы жылы осы бағдарлама аясында кәріз коллекторларының құрылысына 6,75 млрд. теңге бөлінді», - деп атап өтті Т. Закарьянов.