Елорданың қай аумағында ақылы автотұрақтар пайда болады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Астана тұрақ кеңістігі» ЖШС директоры Шыңғыс Досыбаев елорданың қай аумақтарында ақылы автотұрақ пайда болатынын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның сөзіне қарағанда, 2015-2016 жылдары қала әкімдігікоммуналдық ақылы тұрақтар орналасатын жерлерді айқындады. Бұл ретте аумақтықорналастыру туралы шешім көлік трафигі жүктемесі бойынша талдау мәліметтеріненегізделді.

«Көлік жүктемесі бойынша осы мәліметтер негізінде елорданыңәкімшілік іскерлік орталықтары айқындалды. Бұл жерлерде трафик ағынын реттеутетігі ретінде және тұрақ орындарындағы айналымды арттыру үшін ақылыавтотұрақтарды енгізу қажет», - деді Ш. Досыбаев.

Оның сөзіне қарағанда, аталған аумақтарға Сығанақ-Сарайшық,Мәңгілік Ел-Тұран даңғылдары аралығы еніп отыр.

«Бұл аумақта ұлттық компаниялардың, іскерлікбизнес-орталықтардың басым бөлігі орналасқандықтан, жұмыс уақыты кезінде бостұрған автотұрақты табу қиынға түсетіні белгілі. Бұл өз кезегінде тұрғындарғажәне автокөлік иелеріне қолайсыздық тудырады. Себебі тұрақ іздеген жүргізушілерсол аумақты көлігімен бірнеше рет айналып шығуға мәжбүр болады. Осы арқылыкөшедегі негізгі көлік трафигінің баяулауына әсер етеді», - деді ол.

Сонымен қатар Ш. Досыбаев қаланың оң жағалауында ақылытұрақтарды енгізу жоспары туралы айтып берді.

«Оң жағалауға тоқталсақ, Сарыарқа ауданында ақылыавтотұрақтарды орналастыру бойынша шешім қабылданды. Атап айтқанда, Жағалау маңы, Бөгенбай батыр,Сарыарқа және Республика даңғылдары аумағында тиісті жерлер белгіленді. Бұлаумақта тұрақ орындарын ұйымдастырудың тапшылығы сезілуде», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар