Елорданың кейбір аудандарында ауыз су беру тоқтатылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласында бірқатар көше бойында су беру тоқтатылады. Бұл туралы әкімдіктің жағдаяттар орталығы хабарланды.

Айнакөл көшесінде Д=200 мм су құбырында ысырманы ауыстыру және Арғанаты көшесінде Д=100 мм су құбырында ойым жасау бойынша жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты ауыз су беру уақытша тоқтатылады. Ол 26 шілде сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін жалғасады.

Ауыз су беру келесі нысандарда тоқтатылады.

Тұрғын нысандар: Р.Қошқарбаев, 23 - «Баян Сұлу» ТК, Айнакөл 3, Таскескен, Арғанаты, Кеңгір, Марқакөл және Сарыкөл көшелері бойынша орналасқан жеке секторлар.

Тұрғын үй емес нысандар: Р.Қошқарбаев 21.