Көлік қозғалысы мына жол телімдерінде шектеледі:
- Орынбор көшесінде Қонаев көшесінен М-2 көпіріне дейін - жолдың сол жағына асфальт төсеу;
- Қорғалжын тас жолы бойында Қабанбай батыр даңғылынан Тұран даңғылына дейін;
- Конституция көшесінде Бейсекова көшесінен көпірге дейін - асфальт төсеп, жолды жаңарту;
- Циолковский көшесінде Абай даңғылынан Жиенқұлова көшесіне дейін жол телімін толық жабу.
Сонымен қатар, 1 шілдеге дейін жол телімдері толық жабылып:
• Есенберлин көшесі, Жеңіс даңғылынан Бейбітшілік көшесіне дейін
• Мәскеу көшесі, Республика даңғылынан Желтоқсан көшесіне дейін
• Жангелдин көшесі, Жеңіс даңғылынан Бейбітшілік көшесіне дейін жаңартылады.
Сондай-ақ, жол белгілерін жүргізу жұмыстары келесі бағыттарда:
• Сейфуллин көшесінде, Сарыарқа даңғылынан Сембинов көшесіне дейін
• Бөкейхан көшесінде Абай даңғылынан Интернационал көшесіне дейін
• Ақмола көшесінде
• Абай даңғылында Уәлиханов көшесінен Пушкин көшесіне дейін
• Мүсірепов көшесінде Абай даңғылынан Махтұмқұл көшесіне дейін жүзеге асырылады.
ІІД Жол полициясы басқармасы кептеліс жағдайларына тап болмас үшін қозғалыс бағытын алдын-ала жоспарлауды ұсынады.