Ағымды жөндеу жұмыстары аталмыш аудандарды қамтыды: Тұран даңғылы Керей Жәнібек хандары көшесінен Хусейн бен Талал көшесіне дейін; Тәшенов көшесінен Таха Хусейн көшесіне дейін; Брусиловский көшесі Абай даңғылынан тұйық көшеге дейін; Гете көшесі Республика даңғылынан Сапаржай автобекетіне дейін; Қарасай батыр көшесі Тынышбаев көшесі бойымен Аспара көшесіне дейін; Жансүгіров көшесі Абылайхан даңғылынан тұйық көшеге дейін; Игілік көшесі, Өндіріс елді мекені; Ғ. Мүсірепов көшесі Абылайхан даңғылынан тұйық көшеге дейін; Шевченко көшесі Кенесары көшесінен Сарыарқа даңғылына дейін; Жаңаконыс көшесі Бабатайұлы көшесінен Н. Тілендиев көшесіне дейін; Ш. Жиенқұлова көшесі (Фурманова көшесі) Бейсекбаев көшесінен Сембинов көшесіне дейін; Оқжетпес көшесі; Көкжиек көшесі (Көктал-1) Болашақ көшесінен тұйық көшеге дейін; Заречный елді мекені ауданында №14 көшесі мен Еңбекшілер көшесі қиылысында; Абай даңғылы Республика даңғылынан Уәлиханов көшесіне дейін; Тілендиев көшесі Күмісбеков көшесінен жол айырығына дейін; Бейбітшілік көшесі Бөгенбай батыр даңғылынан Абай даңғылына дейін; Қарағанды көшесі Тараз көшесінен Әлімжанов көшесіне дейін.
Айта кету керек, орташа жөндеу жұмыстары аясында жолдың асфальт қабатын қалпына келтіру және жол жабындыларын түзету, сондай-ақ, бұзылған жол төсемдерін және басқа құрылыстарды қалпына келтіру секілді шаралар атқарылды.
Бұдан бөлек, ағымдағы жөндеу жұмыстары 243 977 м2 болатын жол бөлігін қамтыды.