Шектеу таңғы сағат 7.00-ден кешкі 21.00 дейін жалғасады және 2 учаскені қамтиды.
№1 учаске. Бөгенбай батыр даңғылының бойымен Ақжол көшесінен Бейсекова көшесіне дейінгі аумақ. Ұзындығы - 8,6 км. Балама жол ретінде жүк және мамандандырылған көліктер Алаш тас жолының бойымен, «Обход Астана» деп аталатын автомобиль жолының Тілендиев көшесінен Бейсекова көшесіне дейінгі жолмен жүреді.
№2 учаске. Төрт үлкен көшені қамтиды. Қошқарбаев көшесі (Төлебаев көшесінен Сарыкөл көшесіне дейін), Байтұрсынов көшесі (Сарыкөл көшесінен Обаған көшесіне дейін), Сығанақ көшесі (Тәуелсіздік көшесінен Тұран көшесіне дейін) және Қабанбай батыр даңғылы (Сығанақ көшесінен Хусейн бен Талал көшесіне дейін). Балама жол ретінде жүк және мамандандырылған көліктер Қарағанды тас жолы арқылы Төлебаев көшесінен Астана-Қарағанды жолайырығы арқылы, одан кейін Қабанбай батыр даңғылының бойымен Қарқаралы тас жолымен қиылыстағы айналмалы жолайырыққа дейінгі жолмен жүре алады.
Жүргізілген сараптамаға сәйкес, жүк көлігі Бөгенбай батыр даңғылын қарбалас кезінде 21 км/сағ жылдамдықпен 24 минутта жүріп өтеді. Балама жол арқылы жүрген жағдайда, бұл көрсеткіш 7 минутқа артады. Алайда көліктің жылдамдығы 60-63 км/сағ. жетеді. Екінші жолдың бойымен жүк көлігі қарбалас уақытта 28 км/сағ жылдамдықпен 28 минутта өтетін еді. Балама жолмен көліктің жылдамдығы 60-63 км/сағ дейін артып, 4 минутқа артық уақыт алады.
Бұл өзгерістер келесідей мәселелерді шешуге септігін тигізеді: аталған көшелердегі кептеліс; учаскелер жалғасатын көшелерге түсетін жүктеме; қаланың негізгі көшелеріндегі жүк көлігінің қарқынды қозғалысы; жүктеме көп түсетін көшелерде қоғамдық көліктің көп болуы; көлік ағымы жылдамдығының төмен болуы, соның салдарынан қоршаған ортаға келтірілетін залал.
Жүк көлігін шектеу аталмыш көшелерде қарбалас уақытта көлік ағымы жылдамдығының артуына әкеледі. Осылайша, Бөгенбай батыр даңғылының кей учаскелерінде жылдамдық 4 км/сағ, ал Сығанақ көшесінің бойында көлік жылдамдығы 5 км/сағ дейін артады.