Атап айтқанда, олардың қатарында «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Астана қалалық филиалы мен қалалық Қоғамдық кеңестің төрағасы Сансызбай Есілов, мемлекет қайраткері Жәнібек Кәрібжанов, «Концерн «Цесна-Астық» ЖШС басқарма төрағасы Николай Мещеряков, профессор, жазушы, Францияның Мемлекеттік кеңесінің құрметті мүшесі Жак Аттали бар.
Қалалық мәслихат депутаттары бұл тұлғаларды аталған атаққа бірауыздан лайық деп тапты. Атақты тапсыру салтанаты Астана күні мерекесіне орай өтеді.
Сессия жұмысына Астана әкімінің орынбасары Андрей Лукин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Сапар Ахметов, Қанат Мусин, Павел Казанцевтер қатысты.