Қала басшысының алға тартқан деректеріне сәйкес, құрылыс 88 пайызға салынып біткен. Келесі аптадан бастап құрал-жабдықтарды құрастыру жұмыстары қолға алынады.
«Ең зиянды қоқыстар - пластик пакеттер мен пластмасса бұйымдар. Мәдениеті дамыған қалаларда қалдықтарды ұсақтайтын құрылғылар бар және арнайы ыдыстар тұрады. Олардың біріне шыны, келесісіне пластик, үшіншісіне темір заттары салынады. Міне, жұмысты осыдан бастау керек, халықты жақсы әдетке үйрету қажет», - деп атап өтті Астананың келешектегі дамуы мәселесіне арналған бүгінгі кеңесте Мемлекет басшысы.