Елорданың коммуналдық қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне көшті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарашаның 12-сі мен 14-і аралығында қалада 21 мм-ден аса жауын-шашын түсті. Қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат astana.gov.kz сайтына сілтеме жасап.

«Астана Тазалық» ЖШС мәліметтеріне сәйкес, бүгін сағат 8.00-де қар жинау жұмыстарына 369 арнайы техника тартылды. Қаланы санитарлық тазалау жұмыстарына 363 жол жұмыскері жұмылдырылды. 2 746,00 м3 құм-тұз қоспасы себілді.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, бүгін Астанада қар жауады, көшпелі бұлт шығады. Күндіз ауа температурасы -13...-15 С.
Ертең, 15 қарашада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Күндіз ауа температурасы 21...-23 С, түнде 26 С дейін төмендейді. Ең төмен температура 16 қарашада күтілуде. Күндіз -23С, түнде -31 С дейін төмендейді.