Елорданың көпқабатты үйлері екі күн бойы ыстық сусыз қалмақ

АСТАНА. 6 маусым. ҚазАқпарат - Келесі аптада Астананың бірнеше тұрғын үйлерінде ыстық су тоқтатылатын болады.

Бұл жайында astana.kz сайтына «Жылутранзит» АҚ-дан хабарлады.

«2013 жылдың 11-12 маусым күндері жылу магистральдарындағы дайындық пен тығыздықты сынап көру мақсатында елорданың кейбір үйлерінде ыстық су тоқтатылады»,- деп хабарлады кәсіпорынның баспасөз қызметінен.

Ыстық су қызметі Абылайхан даңғылы, Жансүгіров, Қажымұқан, Тәшенов, Кравцов, Таха Хусейн, Бараев көшелері, Есіл, Мақын, Ақкент, Астрахан, Балқаш сынды қысқа көшелер, Тұран даңғылы, Ақын Сара, Ақжүніс, Тұмар ханым, Айғаным, Жұбан ана, Ләйлі Мәжнүн, Домалақ ана, Аягөз, Сарыарқа, Қалқаман, Ғарышкерлер көшелері, Қабанбай батыр даңғылы, Қорғалжың тас жолы, Алатау шағын ауданы, Уәлиханов, Тархан, Асан қайғы, Иманов, Бейсекбаев, Кенесары көшелерінде тоқтатылады.

«Астана- Жылутранзит» ПИК және ПК өкілдері, ұйымдар мен кәсіпорындардың жетекшілері ыстық су жабдықтарын жүйеден ағытып, кезекшілік ұйымдастыру қажет екендіктерін атап өтеді.