Елорданың құрылыс алаңдарының бірінде оқтұмсық табылды - Төтенше жағдайлар министрлігі

АСТАНА. Тамыздың 13-і. ҚазАқпарат - Астанада сәрсенбі күні кеше Тельман кенті ауданындағы «Town house» компаниясының құрылыс алаңында оқтұмсық табылды,

 деп   хабарлайды  ҚазАқпарат  Төтенше   жағдайлар  министрлігіне сілтеме    жасап.

 Сағат 19.13-те   Ішкі істер  департаментінің  пультіне   құрылыс  алаңында  оқтұмсықтың    табылғаны туралы  анонимді  қоңырау  түсті.

 Жүргізілген  арнайы   іс-шаралардың барысында    табылған  заттың   жаттығуға арналған оқтұмсық  екені анықталды.

 Оқтұмсықты  жою үшін Қорғаныс министрлігінің  саперлары  өздерімен алып кетті.