Елорданың қызметтер орталығы Ashyq-қа қосылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 8 шілдеден бастап iQala қалалық қызметтер орталығы Ashyq қосымшасы бойынша жұмыс істейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ashyq мобильді қосымшасы QR кодты пайдалану және денсаулық сақтау министрлігінің жалпы дерекқорымен бірлесу арқылы келушінің мәртебесін анықтауға мүмкіндік береді.

Клиенттің мәртебесін ЖСН арқылы да тексеруге болады. Ол үшін ЖСН/БСН нөмірін ресепшіндегі орталық қызметкеріне айту жеткілікті», делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, iQala Қалалық қызметтер орталығының қызметтерін онлайн режимде iqala.kz порталы арқылы алуға болады.