«Халық қозғалысының негізгі бағыты «оң жағалау - сол жағалау» қағидаты бойынша қалыптасқан. Елордада Есіл өзені арқылы көпір салу осы бағыт бойынша қаланың негізгі магистральдарына, атап айтқанда, Мәңгілік ел даңғылына, Тұран даңғылына, Қабанбай батыр даңғылына көлік жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді. Тәуелсіздік даңғылындағы көпірді пайдалануға бергеннен кейін Мәңгілік ел даңғылындағы жүктеме 10%-ға төмендейді деп болжанып отыр», - деп жауап берді Нұрлан Әлімжанов ҚазАқпарат агенттігі жолдаған ресми сауалға.
Сондай-ақ, оның жалғасы ретінде Ұлы дала даңғылының батыс бағытында, Айтматов көшесімен байланыстыру маңызды.
Бұл Тұран даңғылындағы жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.
Спикер атап өткендей, аталған шара жеңіл және жүк көліктері үшін қаланы айналып өтетін транзиттік қозғалыс үшін көлік дәлізін қамтамасыз етеді.