Астана қаласы Статисстика департаментінің хабарлауынша, 2015 жылғы қаңтар-маусымда негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 270646,8 млн. теңгені құрады, бұл 2014 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 10,8% артық. Астананың республикалық көлемдегі үлесі 10,1%-ды құрады.
Инвестициялардың басым үлесі жеке меншіктегі кәсіпорындармен игерілді, бұл олардың жалпы көлемінің 70,1% құрайды.
Қаржыландыру көздері бөлінісінде мемлекеттік бюджет каражаты - 29,8%, кәсіпорындар мен ұйымдардың меншікті қаражаты - 52,7%, банк несиелері - 5,5%, басқа қарыз қаражаттары - 12%.