Елорданың Өндіріс тұрғын үй алабында екі бала иіс тиіп уланып қалды

АСТАНА. 17 желтоқсан. ҚазАқпарат - Астананың Өндіріс тұрғын үй алабында екі бала иіс тиіп уланып қалды,

деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Кеше, түс ауа елорданың Өндіріс тұрғын үй алабындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде қатты отынмен жанатын пеш ақауынан шыққан иіске уланған алты жастағы егіз бала ауруханаға жеткізілді.