деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жсап.
Мұз айдынының аумағы 1800 шаршы метрді құрайды және 600 адамдық арнайы орын бар. Оған тақау жерде 2 жалға коньки беретін, 2 тамақтану орны, тәртіпті қадағалайтын және медициналық көмек көрсететін әкімшілік бекет жұмыс істейді. Сонымен қатар алаңда үлкен телеэкран орнатылған.
Жалпы ағымдағы жылы Астанада 4 мұз айдыны іске қосылады. Осыған орай қазіргі уақытта «Астана көгалдандыруқұрылыс» мекемесі «Думан» ойын-сауық орталығы жанында, Ақбұлақ өзенінде және «Жерұйық» саябағында дайындық жұмыстарын жүргізуде.
«Думан» ойын-сауық орталығы жанында аумағы 3,5 мың шаршы метрді құрайтын алаңның мұзы қатырылып, 3 жалға коньки беру нүктесі орнатылды. Бұл жерде де тамақтану орны бар. Сонымен қатар мұз айдынының орталығындағы 4 экран жөнделіп, олардың қасынан балалар мен ересектер үшін сырғанауға арналған төбешік жасалды.
«Жерұйық» саябағында аумағы 2,3 мың шаршы метрлік мұз алаңы жұмыс істейтін болады. Бұл жерде де 2 жалға коньки беру нүктесі мен тамақтану орны бар.
Ал елордадағы ең үлкен мұз айдыны Ақбұлақ өзенінің үстінде болады, оның жалпы аумағы 9000 шаршы метрді құрамақ. 6 жалға коньки беру нүктесі мен 2 тамақтану орны келушілерге қызмет көрсетеді.
Жоғарыда аталған 3 мұз алаңында да әкімшілік бекеттер жұмыс істейтін болады. Мұз айдынындағы жұмыстар келесі аптаның ішінде толығымен аяқталады деп жоспарланып отыр.