Елорданың Сарыарқа ауданында 3 бала иіс тиіп уланды

АСТАНА. 13 ақпан. ҚазАқпарат - 12 ақпан күні сағат 14.35-те Астана қаласы Сарыарқа ауданының Бекетай көшесінде орналасқан жекеменшік тұрғын үйде пештің ақауы салдарынан 10, 6 және 3 жастағы үш бала иіс тиіп уланды.

ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметінен хабарлағандай, балалар ауруханаға жеткізілді.