деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Министрдің блогына, хат түрінде, телефон арқылы ветеринарлық инспекторлардан рұқсатнамаларды және басқа да құжаттарды еркін сатып алуға болатындығы жөнінде шағымдар келіп түсіп жатыр. Сонымен қатар басшылық үшін азық-түлік қоржындары мен ақшалар жиналып отыратындығы айтылады.
Ауыл шаруашылығы вице-министрі А. Евниевтің айтуынша, «Әлем» сауда орталығының сатушыларынан түскен арыздардан кейін арнайы құрылған тергеу комиссиясы тексеріс жасап, аталмыш фактілерді растады.
Оның айтуынша, ветеринарлық-санитарлық қадағалау қызметкерлері сатушылардан заңсыз ақшаны «басшылыққа» деген желеумен жинап отырған. «Мен - Ауыл шаруашылығы вице-министрі Арман Евниев мына хаттарды оқи отырып, заңсыз жинаулар маған жөнелтілетін болғаны ғой деп түсіндім. Нақақтан нақақ менің ар-намысыма кір келгендей сезімде болдым», деді вице-министр А. Евниев.
Ведомство ішіндегі тәртіптік кеңестің елордадағы сауда орындарында орын алып жатқан фактілерге арналған шұғыл отырысы барысында Астана қаласының аумақтық инспекциясының бастығын қызметінен алып тастау туралы шешім шығарылған.
Сатушылармен болған кездесуде А.Евниев қадағалаушы органдар тарапынан болатын барлық жемқорлық көріністер жөнінде хабарласуды сұрады.