«Біз бірқатар сайлау учаскесін аралап шықтық. Олардың арасында бөлімшелер, қала маңындағы сайлау учаскелері бар. Барлық учаскелер толығымен дайын. Біз тізімді қарап шықтық, қоғамдық байқаушылардан ешкім бізге шағым жасамады. Қандай да бір ескертулер мен айыптаулар жоқ. Барлық материалдар дұрыс оратылған», - деді ол ҚазАқпарат тілшісіне телефон арқылы.
Сонымен қатар ол бүгін қандай да бір үгіт жүргізуге тыйым салынған атап өтті. «Тыныштық күні Астанада сақталып отыр. Қандай да бір іс-қимыл, үндеу әзірше орын алмады. Бұл сайлаудың заң аясында өтуіне тілектеспіз», - деді қоғамдық комиссия өкілі.
Оның атап өтуінше, қоғамдық комиссияның негізгі міндеті - сайлау учаскелеріндегі қоғамдық байқаушылардың жұмысын ұйымдастыру.
«Ағымдағы жылы біз алдымызға барлық сайлау учаскелеріне өзіміздің байқаушыларымызды жіберу туралы мақсат қойдық. Жалпы, өз кандидатын ұсынып, сайлауға қатысуға ниет танытып отырған партия әрбір сайлау учаскесіне өзінің қоғамдық байқаушысын жіберуге құқы бар. Соынмен бірге заңға сәйкес әрбір қоғамдық бірлестік те учаске жұмыстарына өзінің бір байқаушысын жібере алады», - деді Ф.Матжанова.