Астана қаласы бойынша ҚАЖК департаменті бастығының орынбасары Ермекбай Қожахметовтың айтуынша, Астана қаласының қаржы полиция қызметкерлері ҚАЖК департаментінің қызметкерлерімен бірлесе отырып, пара берушіні қолға түсіру операциясын ойдағыдай аяқтады.
Астана қаласында тұратын 30 жастағы азаматша заңсыз түрде қысқа мерзімді кездесу ұйымдастыру үшін бақылаушыға 100 АҚШ доллары көлемінде пара беріп жатқан жерінен қолға түсті. Қазіргі таңда процессуалдық шешім шығару мәселесі қаралып жатыр.
"Бұл ағымдағы жылы ҚАЖ қызметкеріне пара ұсынылған екінші оқиға. Осындай заң бұзушылық Қарағанды облысындағы колониялардың бірінде ақпан айының ортасында тіркелген болатын", - делінген ҚР Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметінің хабарламасында.