Рейд нәтижесінде суды пайдаланудың жалпы ережелерін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 364-бабы бойынша 168 азамат әкімшілік жауапқа тартылды.
Суға шомылу маусымының басынан құқық қорғау органдарының біріккен күштері тарапынан 6 адам құтқарылды.
Жеті адам суға батқан.
Өткен демалыстардың өзінде елордада төрт адам суға батқан, олардың екеуі – 15 және 16 жастағы кәмелетке толмаған балалар. Жасөспірімдер Нұра-Есіл арнасының аумағындағы жабдықталмаған жерде суға шомылу кезінде батып кеткен.
Су нысандарын түгендеу нәтижесінде 23 суға түсу орны анықталған, олардың үшеуі – рұқсат кетілген. Бұл Сарыарқа ауданы бойынша «Три пескаря» демалыс орны, Алматы ауданы бойынша «Столичный двор» демалыс орнындағы «Күйгенжар» тұрғын алабы және Есіл ауданындағы Астаналық саябақ.
Елорда аумағындағы патрульдік автокөліктер құтқару құралдарымен жабдықталған.
Полиция департаменті азаматтарды су қоймаларында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. Балалардың су қоймаларында суға батып кетуін болдырмау мақсатында ата-аналарды балаларына суда өзін-өзі ұстау ережелері мен оларды бұзу салдарын түсіндіруін сұрайды. Балалардың ересектердің қарауынсыз рұқсат етілмеген жерлерде суға түсуіне тыйым салынады.