Елорданың субұрқақтары іске қосылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласында 46 фонтан кешені өз жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдіктің Фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап.

Алматы ауданы бойынша - 10, Байқоңырда екеу, Есілде - 23, Сарыарқа ауданында - 11 субұрқақ іске қосылды.

Олар қала тұрғындарының танымал демалыс орындарында іске қосылды:

1. Музыкалы субұрқақ- Нұрсая ТК, Нұржол желекжолы;

2. «Жетісу» субұрқағы;

3. «Арай 3» субұрқағы - Арай-3 саябағы;

4. «Каскад» субұрқағы - «ҚазМұнайГаз» ғимаратының алдындағы алаң;

5. Фонтандар каскады - Республика даңғылы мен - Омаров көшесінің қиылысы;

6. «Дөңгелек пен таға» субұрғағы - «Ғашықтар» саябағы.