Қазір аудан әкімдіктерінің өтінімдері мен қала тұрғындарының өтініштеріне сәйкес Көктал 1, Көктал 2, Лесозавод, Үркер, Оңтүстік-Шығыс, Қазқалашық, Теміржолшылар елді мекендерінде, сол сияқты Техникум, Кристалл, Колледж жаңа тұрғын үй кешендерінде 580 контейнер орнатылды.
Мырышталған контейнерлердің артықшылығы – өзгелеріне қарағанды шыдамдырақ, сондай-ақ жиналған сұйықтықты төгетін тесікпен жабдықталған. Бұл оның шыдамдылық уақытын ұзартып қана қоймайды, сонымен қатар кейінгі гигиеналық тазалау кезінде де жұмысты жеңілдетеді.
Контейнерлердің бұл түрі тамақ қалдықтарын, жеке гигиена құралдарын, ағаш, тоқыма және қайта өңдеуге жатпайтын басқа да қалдықтарды жинауға арналған.
Елорда тұрғындары ҚТҚ жинау және контейнерлердің сақталуы проблемасына жауапкершілікпен қарауы қажет. Оның ішінде сөндірілмеген сіріңкелерді, темекі тұқылдарын және басқа да жанып жатқан заттарды тастауға, контейнерлердің ішінде, сондай-ақ ыдыстардың өзінде кездейсоқ жануға әкеп соғуы мүмкін жанғыш және тез тұтанатын сұйықтықтарды, тұрмыстық, өнеркәсіптік және автомобиль химиясын төгуге болмайды.