Бұл туралы «Тұрғын үй қоры» мекемесі Instagram-дағы парақшасында жазды.
«Құрметті, 2007 жылғы «мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйым қызметкерлері, әскери қызметшілер» санатындағы тұрғын үй кезектілігін күтушілер! Сіздердің санаттарыңызды жалдалмалы тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарлануына байланысты, Сіздерге Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» КММ-ге тездетіп келіп, құжаттарыңызды жаңарту қажет!», делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, астанада баспана кезегінде тұрғандардың құжаттары жаңартыла бастаған болатын. Бұған дейін елорда әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» тізімдегі кезектің неліктен артқа жылжығанын түсіндірген еді.