Қала басшысының сөзінше, елорда әкімдігі ірі «Магнум» супермаркеттер желісімен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақты ұстап тұру бойынша жұмыс істейді.
«Әлеуметтік карта жобасын пилоттық режимде іске қосқымыз келеді. Яғни, біз субсидиялайтын азық-түліктер әлеуметтік осал топқа жататын азаматтардың қолына тиюі тиіс. Әлеуметтік карталарды шығарып, жобаны күзде пилоттық режимде бастаймыз», - деп жоспарларымен бөлісті Алтай Көлгінов.
Еске салайық, бұл уақытқа дейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бір жылда 18,1% қымбаттағанын жазған едік.